Мекеменің толық атауы:
“№ 31 Ақ сұңқар ” балабақшасы
Мекенжайы:
Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік 75/а
Жоба қуаттылығы: “140 орын
Жалпы топтардың саны: 6 топ
“№ 31 Ақ сұңқар ” балабақшасының миссиясы
- Балалардың психологиялық дұрыс дамуын және денсаулығын нығайту, сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- Балаларды интеллектуалды және эмоционалды дамыту;
- Балаларды шығармашыл, туған елінің мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрін білетін жан-жақты дара тұлға етіп қалыптастыру;
- Балалардың жалпы және арнайы мектепке дайындығы мен қабілеттілігінің артуына ықпал ету;
- Қоғамдық-әлеуметтік, табиғи ортада баланың өмір сүруіне және әрекет етуіне мүмкіндік беретін тұлғаның әлеуметтік рухани сапаларын қалыптастыру;
- Әр баланың тұлғалық-бағыттылық бағдарын негізге ала отырып дамыту.
№ 31 “Ақ сұңқар ” балабақшасының негізгі бағыттары
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты талаптарын орындау
- Ең басты мақсат – бала денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру
- Көркемдік - эстетикалық тәрбие бағытында жұмыс жасау
- Әлеуметтік белсенділік және әлеуметтік серіктестіктермен жұмыстарды жетілдіру
- Балабақшада ата-аналармен педагогкиалық ынтымақтастықты дамыту, тығыз қарым-қатынас орнату арқылы баланың денсаулығын сақтау, мектепке дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету.








